Меню KDT

logo7.png?_=1

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Ата -аналар назарына!

    Ескерту
    Жамбыл облысы әкімдігінің Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді  атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
    Жамбыл облысы әкімдігінің Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді  атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
    ✅ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мамыр айына арналған «Мамыр – ынтымақ айы» ұсынымын басшылыққа ала отырып, мектептегі 1-10 сынып аралығындағы білім алушыларға 2024 жылдың 24 мамыр күні бірыңғай «Білімім – Отаныма» тақырыбында жалпы республикалық тәрбие сағаты өтеді.
    ✅ Мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын 2024 жылы 25 мамыр күні сағат 09:00 ден 10:30-ге дейін, білім беру ұйымы қабырғасында ұйымдастырылып өткізіледі.
    ✅ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктеріне және 4,9,11 сыныпты аяқтауына байланысты қаражат жинауға қатаң тыйым салынады;
    ✅ Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беріліп, кешенді қауіпсіздік шараларының жүргізілуі талап етіледі.
    ✅ Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтер соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржы жинауға) қатаң тыйым салынады;
    ✅ Оқушылардың автокөлік шеруін ұйымдастыруына, ойын алаңдарына, мейрамханаларға, тау бөктеріне баруға қатаң тыйым салынады;
    ✅ Іс-шара кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады;
    ✅ Мереке күндері және басқада күндері кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе жауапты заңды тұлғаларсыз топтасып серуендеуіне, қала орталығында себепсіз жүруіне тиым салынады.
    Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз. Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!!

    Мектеп формасы
    Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

    Еске салайық, биыл міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар өзгертілген. Атап айтқанда, қазір мектеп оқушылары поло жейде және футболка, водолазка, сондай-ақ түймелері немесе ілгегі бар тоқылған жемпір/кардиган кие алады. Сондай-ақ, галстук енді міндетті элемент емес.
    Министрлік орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келетінін еске салды. Мектеп формасы күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.
    Ұл балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, күнделікті және салтанатты жейде, түймесі немесе ілгегі бар жейде/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, водолазка) кіреді.
    Қыздарға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, түймелері не ілгегі бар тоқылған күртеше/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка) кіреді.
    -Үлгісі, мектеп формасының түсі классикалық стильде, үш түстен аспайтын бірыңғай түс схемасында сақталады. Мектеп формасының түсі жағымды және ашық түстерден таңдалады, – деп атап өтті ведомство.
    Басқарма жалпы білім беретін мектеп зайырлы мекеме болып табылатынын, ол зайырлы ережелер мен жалпы қабылданған іскерлік этикет ережелерін, оның ішінде білім беру мекемесінің қабырғасында киім-кешек пен бас киім киюді сақтауы тиіс екенін еске салды.
    -Мектеп формасына қойылатын талаптардың 13- тармағына сәйкес, әртүрлі конфессиялардың діни ағымының киім элементтерін қосуға жол берілмейді, – деді Оқу-ағарту министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.


    Послание
    Президента

         Бабасова Калдыкуль Мухтархановна Амангелді атындағы орта мектеп директоры 1964 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы Ленин жол савхозында дүниеге келген. 1981-1985жылы Алматы қаласы, Қазақ қыздар педагогикалық институты. 01.12.1985 ж Шу ауданы, Тасөткел мектебі физика пәнінің мұғалімі. 31.08.1988 ж Герцин атындағы о.м ұзартылған күн тобының тәрбиешісі. 25.01.1989 ж №34 Ю.Гагарин мектебі ұзартылған күн тобының тәрбиешісі. 25.01.1989 ж Бастауыш сынып мұғалімі. 03.01.1998 ж Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бойынша директордың орынбасары. 01.09.2002 ж Экспериментті тарату және үйлестіру жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі. 01.09.2004 ж Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі. 23.01.2006 ж Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 12.12.2014 ж Шу ауданы, Бөлтірік ауылы, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің директоры. 28.09.2022 ж Шу ауданы, Алға ауылы, Амангелді атындағы орта мектебінің директоры.

    blog1.jpeg?_=1713328293

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки