Меню KDT

logo7.png?_=1

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  •                                                      Жамбыл облысы,  Шу  ауданы, Алға ауылы

                                                                 Амангелді атындағы орта мектебі 
     
                                 "Қамқоршылық кеңес" жұмысының 2023-2024 оқу жылына арналған  есебі.
     
      Кеңестің мақсаттары және міндеттері болып табылатыны: 
     
    - жарғы функцияларын мектепте оның жүзеге асыруына ықпал ету; 
     
    - білім беруде оқу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектептің педагогикалық ұжымы және оқушылары үшін қажетті жағдай жасауға қатысу;
     
    - білім беру сапасын арттыру және білім беру процесссін жетілдіруге қатысу; 
     
    тәрбие процессін дамытуға қатысу;
     
    - қызығушылықтары мен құқықтарын қолдау және қорғау, құқықтықты қамтамасыз ету;
     
     Қамқоршылық кеңес жұмысының басым бағыттары: - мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қауіпсіз жағдайларын жасауға ықпал ету; -мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, оның үй-жайлары мен аумағын абаттандыруға ықпал ету; - мектептің конкурстарын, жарыстарын, бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
     
        Қамқоршылық кеңестің бірінші отырысында оның құрамы сайланды және бекітілді, төраға сайланды, Қамқоршылық Кеңес туралы ереже бекітілді. Осыған сәйкес мектеп бойынша "Қамқорлық кеңесін құру туралы"бұйрық шығарылды. Оқу жылының басынан бастап Қамқоршылық кеңесі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға белсенді қатысты. Құрамына 9 адам кірді.  Қамқоршылық кеңесінің 4 отырысы өткізілді, онда тәрбиеленушілердің әлеуметтік мінез-құлқының алдын алу және алдын алу жұмыстарын жетілдіру бойынша мектеп пен отбасы серіктестігі мәселелері қарастырылды. Қамқоршылық кеңестің тікелей қатысуымен бірқатар мәселелерді шеше алды. Олардың қолдауымен кеңсе заттары, әлеуметтік  санаттағы оқушыларға киім - кешектер ұйымдастырылып алынды.     2023 – 2024 оқу жылында 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол - Жақсылық жаса!» ұранымен, «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция өту барысында штаб құрылып, жоспар бекітілді. Мектеп ұстаздары оқушылардың мектептен қол үзуіне жол бермеу мақсатында рейд ұйымдастырылып, мектепке келетін оқушылардың ішінен көмекке мұқтаж отбасындағы оқушылар анықталды.
     
       Акцияның басты мақсаты – жағдайы төмен көмекке мұқтаж отбасының балалары жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектепке киетін киім-кешекпен және оқу құралдары, кеңсе тауарларымен қамту қарастырылған.
     
      Акция аясында мектеп түлегі Н.А. Адилов бір отбасының екі баласына 100 000 теңге көлемінде мектеп формасын, спорттық киім, туфли, мектепке қажетті кеңсе тауарларын, сөмке алып берді. Атап айтар болсақ:                            1) 5 «ә» сынып оқушысы Малик Сабина Асланқызы; 2) 3 «а» сынып оқушысы Малик Сағи Асланұлы.
     
      Ауылымыздың депутаты  А.Р. Бекмурзина 70 000 теңгеге 9 «ә» сынып оқушысы Шайділдә Аяжан Бекқызына сөмке, ақ жейде, мектеп формасын және мектеп қажетті кеңсе тауарларын алып берді.
     
      Шу аудандық Аманат партия демеушілігімен 32000 теңгеге 9 «а» сынып оқушысы Райқұл Инабат Бауыржанқызына сөмке, ақ жейде, классикалық шалбар, жемпір, желетке, спорттық аяқ киім желтоқсан айында   7 "ә" сынып  Әден Әбен  және  5 "а" сынып оқушысы  Мәлік  Сабинаға 24000 теңгеге қыстық  курткалар  алынып берілді
     
      Шу аудандық маслихаттың демеушілігімен 6 «ә» сынып оқушысы Жексенбек Мейірім Қанатқызына ақ жейде, юбка, сөмке, туфли, спорттық аяқ киім, 40 дәптер алып берді.
     
      Шу қаласындағы халық банкінің басшысы 1 «а» сынып оқушысы Жексенбек Айбибі Қанатқызына сөмке мен мектепке қажетті кеңсе тауарларын алып берді.
     
      2023 жылдың 28 желтоқсаны күні мектебіміздің көп балалы отбасынан  шыққан  6 "ә"  сынып оқушысы Оңлабай Ерсұлтан,  аз қамтылған отбасынан шыққан  5 "а" сынып оқушысы  Мәлік Сабина Жаңа жылдық Аудан әкімі шыршасына қатыстырылып, онда сыйлық және қаржылай көмек көрсетілді.
     
      Мектепте  ыстық тамақтың тізіміндегі 27 отбасында тәрбиеленіп жатқан 74 білім алушы мектептің жалпыға міндетті оқу қорынан әрбір бала үшін 40567 (қырық мың бес жүз алпыс жеті) теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Қаржылай көмек алған ата-аналар аталған қаржыға мектеп жасындағы балалары үшін мектеп формасы және аяқ киім, мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатып алды.
     
     15 наурыз Қайырымдылық күні болып белгіленгеніне орай,  "Қайырымды іс жаса" тақырыбында акция ұйымдастырылды. Қайырымдылық ақцияға Қамқоршылық кеңес мүшелерімен мектеп ұстаздары қатысып, жалпы соммасы 36.460 теңге жиналды. Жиналған  қаржыға аз қамтылған отбасылары Әден Әбеннің отбасына, Бекболат Алтынайдың отбасына, Жұматай Аманжолдың отбасына, Дубаева Саяның  отбасына азық - түліктер алынып, таратылды және  көп балалы отбасынан шыққан 7"ә" сынып оқушысы Өмірзақ Ілиясқа  6000 теңгеге аяқ киім алып берілді.
     
    Жалпы мектептік мерекелік іс-шаралар: "Мұғалімдер күні", "Жаңа жыл" - Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен өткізілді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері оқушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыруға және оның сапасын бақылауға тікелей қатысады. Бракераждық комиссияның мүшелері болып табылады.
     
      Асханада оқушылар І-ауысым, ІІ-ауысым  болып екіге  бөлініп тамақтанады. Мектептегі тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың  тамақтануын, асхананың талапқа сай жұмыс жасалуын және балаларға берілетін  тамақтардың сапасы мен ұйымдастырылуын бракераж комиссиясының мүшелері бақылайды. Бракераж комиссиясының төрайымы мектеп директоры, мүшелері: қамқоршылық кеңес төрайымы, ата-аналар комитетінің төрайымы, ата-ана комитетінің мүшесі, мектеп медицина қызметкері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, комиссия құрамы «Дайын тамақтың сапасына бақылау» (бракераж) журналының  толтырылуына  да тексеру жүргізіп отырады.
     
         Қамқоршылық кеңесі жұмыстары кезінде мектеп әкімшілігі ынтымақтастық қатынасты қалыптастыра білді, әрине сөзсіз біріккен қызмет үшін жағымды негіз болып табылады.
     
     
     
      Амангелді атындағы орта мектебінде 22- наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай оқушыларға ұлттық құндылықтарды және ұлттық ойындарды насихаттау, дәріптеу мақсатында «Асық ату»,«Бес асық»,«Шахмат»,«Арқан тартыс»,«Ләңгі тебу» ұлттық ойын түрлері бойынша сайыстар өткізілді.


     Амангелді атындағы орта мектебінде 25-мамыр күні 11-сынып мектеп бітіруші түлектеріне арналған "Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны болды.

    Салтанатты жиынды мектеп директоры Қ.М.Бабасова ашып, құттықтады. Салтанатты жиынға мектебіміздің бұрынғы директоры, зейнеткер ұстаз Д.А.Тилеужанова, қатысты. Ардагер ұстаздар түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты.

    Биыл мектебімізден 12 түлек бітіргелі тұр. Сынып жетекшлері: А.А.Смайлова,К.Б.Елібаева.

     Мектеп бітіруші түлектер 11 жыл білім нәрімен сусындаған ұстаздарына арнап ән-би тарту етіп, тамаша көңіл-күй сыйлады.

    Бүгінгі ұрпақ-халқымыздың ертеңі.

    Салтанатты жиынның соңында мектеп бітіруші түлектер мектеппен қоштасу вальсін билеп, алтын ұя мектебімен, ұстаздарымен қош айтысты.

    Біздің түлектеріміз өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат боларларына біз сенеміз.

     Ақ жол, жас түлек-2024!

     

    Послание
    Президента

         Бабасова Калдыкуль Мухтархановна Амангелді атындағы орта мектеп директоры 1964 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы Ленин жол савхозында дүниеге келген. 1981-1985жылы Алматы қаласы, Қазақ қыздар педагогикалық институты. 01.12.1985 ж Шу ауданы, Тасөткел мектебі физика пәнінің мұғалімі. 31.08.1988 ж Герцин атындағы о.м ұзартылған күн тобының тәрбиешісі. 25.01.1989 ж №34 Ю.Гагарин мектебі ұзартылған күн тобының тәрбиешісі. 25.01.1989 ж Бастауыш сынып мұғалімі. 03.01.1998 ж Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бойынша директордың орынбасары. 01.09.2002 ж Экспериментті тарату және үйлестіру жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі. 01.09.2004 ж Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі. 23.01.2006 ж Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 12.12.2014 ж Шу ауданы, Бөлтірік ауылы, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің директоры. 28.09.2022 ж Шу ауданы, Алға ауылы, Амангелді атындағы орта мектебінің директоры.

    blog1.jpeg?_=1713328293

    Рухани жаңғыру

    Амангелді атындағы орта мектебінің 3"а"сынып оқушылары мектеп бағдарламасына сай білім алушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында "Мұражайға саяхат"сабағын сынып жетекшісі Елібаева Күльзия Бақбергенқызының ұйымдастыруымен Төле би ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.

    Мұражайда көптеген суреттер мен мүсіндерді көріп көптеген қызықты мағлұматтарды түсініп қайтты.Бұл саяхат сабак оқушылар үшін әсерлі әрі тартымды қызықты өтті.


    ✅БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!!!

    🔰  Жаз мезгілінде  балалардың  жолда жүру    қауіпсіздігін сақтау  мақсатында  әзірленген  ережелерді  ұсынады.

    🚨Жасына байланысты балалар қауіпті болжай алмайды, келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты дұрыс байқай алмайды. Көбінесе, олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Балаларды жол жағдайларында дұрыс бағдарлауға, сақтыққа, алдын-ала ойластыруға және тәртіпке тәрбиелеуге үйрететін ересектер.

    🛑Құрметті ата-аналар!!! Балаңызға көшелер мен жолдардан дұрыс және қауіпсіз өтуді еске салып отырыңыз! Бала жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған деген нақты түсініктерге ие болуы керек. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға жолда дұрыс мінез-құлықтың жеке үлгісін көрсетуі керек.

    балақауіпсіздігі

     

     

    Ата - аналар назарына!