Амангелді атындағы орта мектебінің 1"ә" сынып мұғалімі Тлеуқұл Айгерім Сакенқызы оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге және жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге, тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатында "Жол қозғалыс ережелері" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар жол белгілерімен танысты.
Амангелді Иманов атындағы орта мектебімізде 5- қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай " Тілім менің - тірлігімнің айғағы " атты онкүндіктің ашылуы болып өтті. Ашылуында мектеп оқушылары ақын жазушыларымыздың қазақ тілге арнап жырлаған өлеңдерін мәнерлеп оқып өтті. Қазақ тілі пәні мұғалімі Турдалиева Құралай "Қазақ тілі біздің ең басты құндылығымыз" тақырыбында баяндама оқып, тіл мерекесіне арналған
Амангелді атындағы орта мектеп кітапханасының ұйымдастырумен 5 - қыркүйек Тілдер күніне орай "Тіл - сарқылмас құндылық" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты :
Aмангелді атындағы орта мектебінің 4 "а" сыныбында " Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі К.Б.Елібаева Қазақстан - біздің туған жеріміз, біздің ортақ үйіміз екенін айтып толық түсінік берілді.Балалар Қазақстанның рәміздері және Отан туралы туған жерге арнап өлең тақпақтарын айтты. Балалар болашақта Қазақстанның керемет көркейетінін айтып, " Жаңа Қазақстан ! " , " Жаса Қазақстан ! " сөздерімен өз ойларын айтты.Тәрбие сағаты қызықты да тартымды өтті.
Амангелді атындағы орта мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені»атты 1-11 сынып білім алушыларымен салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Алға ауылдық округінің бас маманы Қырғызбай Мадияр,Алға ауылдық округінің ардагерлер алқасының төрағасы Райысов Рысбай, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жексеналиева Сандуғаш,ардагер ұстаздарымыз бен ата аналар қатысты. Мектеп директоры Қ.М.Бабасова мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, ізгі
Өскелең ұрпақты, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені қазақ қоғамының діңгегі осы құндылықтарда жатыр.«Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді»,-деп айтпақшы,тәрбиенің берілетін балалық шақтағы маңызы зор. Балаға дұрыс тәлім- тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады.Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға қанық
4 маусым МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ орай жиын өткізіліп, рәміздеріміз дәріптелді. Тарихқа сүйенсек, 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Тұғырлы мереке – Рәміздер күніне орай маусымның 4 күні Амангелді орта мектебінде сағат 10.00 де Мемлекеттік Гимні орындалды. Мектеп ұжымы
3 маусым күні мектепішілік «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өткізілді. Мектептің психологі В.Алиева "Жұлдыз" тобымен таныстыру тренингін жүргізді. Мектеп директоры Қ.М. Бабасова балаларға ізгі тілегін білдіріп, оларға көңілді әрі қызықты демалыс тіледі. Оқушылар өздерінің ән, билерімен өнерлерін көрсетті. Балаларға балмұздақ ұйымдастырып таратылды. Мектеп кітапханашысы О. Молдабекова "Жұлдыз" тобымен ертегілер еліне саяхат жасады. <img
Амангелді атындағы орта мектебінің 3"а"сынып оқушылары мектеп бағдарламасына сай білім алушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында "Мұражайға саяхат"сабағын сынып жетекшісі Елібаева Күльзия Бақбергенқызының ұйымдастыруымен Төле би ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.
Мұражайда көптеген суреттер мен мүсіндерді көріп көптеген қызықты мағлұматтарды түсініп қайтты.Бұл саяхат сабак оқушылар үшін әсерлі әрі тартымды қызықты өтті.
✅БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!!!
🔰 Жаз мезгілінде балалардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында әзірленген ережелерді ұсынады.
🚨Жасына байланысты балалар қауіпті болжай алмайды, келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты дұрыс байқай алмайды. Көбінесе, олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Балаларды жол жағдайларында дұрыс бағдарлауға, сақтыққа, алдын-ала ойластыруға және тәртіпке тәрбиелеуге үйрететін ересектер.
🛑Құрметті ата-аналар!!! Балаңызға көшелер мен жолдардан дұрыс және қауіпсіз өтуді еске салып отырыңыз! Бала жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған деген нақты түсініктерге ие болуы керек. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға жолда дұрыс мінез-құлықтың жеке үлгісін көрсетуі керек.